31 мамыр - Дүниежүзілік темекісіз күн: Ақтөбеде темекі шегуге қарсы науқан өтті

Жыл сайын 31 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен атап өтілетін Дүниежүзілік темекісіз күн аясында Ақтөбеде темекіге тәуелділікпен күресуге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ақпараттық-профилактикалық науқан өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының мамандары да осы науқанға қосылды.
Іс-шара Облыстық денсаулық сақтау басқармасының, Облыстық психикалық денсаулық орталығының, сондай-ақ Қалалық емханалар жанындағы жастар денсаулық орталықтарының қолдауымен өтті. Негізгі іс-шаралар Қобыланды батыр атындағы орталық стадион алаңында ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі міндеті халықты темекі шегудің, оның ішінде электронды темекі мен вейптің зияны туралы туралы хабардар ету, сондай-ақ темекі шегетін азаматтарды жаман әдеттен бас тартуға ынталандыру болды.
Алаңда нарколог-дәрігерлердің, психологтардың және СӨС дәрігерлерінің тегін консультациялары, ақпараттық буклеттер мен жадынамалар тарату, колледж студенттері мен белсенділердің қатысуымен флешмоб және «АИТВ инфекциясы туралы не білесіз?» тақырыбында сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды.
