ХНТ бойынша деректер сапасын арттыруға арналған онлайн-семинар


2025 жылғы 3 маусым күні ҚР ДСМ «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК «АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталықтар үшін профилактикалық бағдарламалар бойынша КЖЕАМБ-дан есеп алу» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Семинарға КЖЕАМБ-да (профилактика және эпидемиологиялық қадағалау бөлімдері) деректерді енгізумен айналысатын мамандар мен халықтың негізгі топтарымен (ХНТ) жұмыс істейтін қызметкерлер қатысты.
Семинар бағдарламасы: КЖЕАМБ-да деректермен жұмыс: жаңартулар мен өзгерістер, проблемалық аймақтар, халықтың негізгі топтары бойынша деректерді кодтау: тәсілдер мен жиі кездесетін қателіктер, деректер сапасын бақылау және валидациялау: есептерді тексеру және түсіндіру әдістері, практикалық бөлім, қателіктер мен түзету жазбаларына нақты мысалдар келтіру
Семинардың мақсаты – КЖЕАМБ жүйесінде деректермен жұмыстың сапасын арттыру, есептілікті дұрыс қалыптастыру және АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша профилактикалық бағдарламалардың тиімділігін көтеру.