Денсаулыққа жауапты көзқарас: өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне арналған дәріс

АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында ЖИТС орталығының маманы Сандуғаш Жулмағамбетова Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлеріне дәріс өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты АИТВ туралы сенімді ақпарат беру болды:
АИТВ жұқтыру жолдары,
алдын алудың тиімді әдістері,
тұрақты тестілеу және медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі.
АИТВ-инфекциясы-бұл жеке әлеуметтік топтардың мәселесі емес, әрқайсысы үшін өзекті тақырып. Алдын алу шараларын білу және сақтау жеке және қоғамдық денсаулықты сақтаудың кілті болып табылады.
Алдын алу жауапкершіліктен басталады-және бұл процесте әрқайсымыз маңызды рөл атқарамыз.