03
май 2019
Ақтөбе қ. АБЖАА бойынша семинар
Ақтөбе облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары «Анадан балаға АИТВ-ның алдын алу шараларын іске асыру. Клиникалық жағдайларды талдау». Семинар Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығы (ОПО) базасында өткізілді, оған акушерлер, акушер-гинекологтар және дәрігер-эпидемиолог қатысты.
Дәрігер-инфекционист З.Нигметова жүкті әйелдер арасында АИТВ бойынша 2019ж. 1 кв. эпиджағдай туралы ақпарат берді. Зертхана меңгерушісі Ж.Фаткулина АИТВ-ға жедел тестілерді қолдану бойынша нормативтік-құқықтық актілер, биоқауіпсіздік шаралары, тестілеу және персоналды сертификаттау сайттарына аудит жүргізу әдістемесі туралы ақпарат берді. Экспресс-тестілеу пунктіне (ЭТ) бару, талдаудың практикалық дағдыларын бақылау, нәтижелерді түсіндіру және тіркеу жүргізілді. ОПО екінші жыл ЭТ қою сапасын бақылау бойынша сапаны сыртқы бағалау бағдарламасының (СББ) пилоттық жобасына қатысады.
Семинарда тыңдаушыларға сауалнама жүргізіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.