Бағыт нөлге қарай: АИТВ-ның вертикальді берілуінің профилактикасы


2025 жылдың маусым айында Ақтөбе облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы өңірдің медициналық ұйымдарында АИТВ-ның вертикальді берілу жолының профилактикалық шараларын күшейтуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді.
Ағымдағы жылдың 17 маусымында облыстың босандыру қызметі және алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының бас дәрігерлерінің орынбасарлары үшін семинар-кеңес өтті. Іс-шара Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
ЖИТС орталығының медициналық бөлімі бойынша бас дәрігердің орынбасары Алия Шапиева және ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Анна Каспирова баяндама жасады.