Жастар арасында АИТВ-ның алдын алу: "JASYL EL" еңбек жасағымен кездесу

Халық арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жұмыс аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері жастарға түсіндірме әңгімелер мен дәрістер өткізуді жалғастыруда.
18 маусымда профилактикалық бөлімінің мамандары Айжан Жайлаубаева мен Динара Уразалинова "JASYL EL" жастар еңбек жасағының қатысушыларымен кездесті. Кездесу барысында спикерлер АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу әдістері, уақтылы тестілеудің маңыздылығы туралы айтып, "АИТВ-ның берілу жолдары" тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг жастардың белсенді қатысуымен жанды форматта өтті-балалар сұрақтар қойып, талқылауға қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.