«Жаңа таң» бағдарламасында — АИТВ туралы әңгіме ⠀

Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Динара Уразалинова «Рика ТВ» телеарнасының «Жаңа таң» бағдарламасында қонақта болды.
Сұхбат барысында дәрігер Ақтөбе облысында АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталды.
Алдын алу шаралары
Скрининг және ерте анықтау жұмыстары
Халықтың ақпараттану деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.
Мұндай ақпараттық кездесулер тұрғындардың АИТВ туралы білімін тереңдетуге және аурудың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.