АИТВ-инфекциясының алдын алу: өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен кездесу


ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының журналисті Раушан Сейсенбаева АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында журналистерге АИТВ берілу жолдары, алдын алудың заманауи әдістері, ерте тестілеудің маңыздылығы және денсаулық мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастырудағы БАҚ рөлі туралы өзекті ақпарат ұсынылды.
Раушан Сейсенбаева АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке қарсы күреске ерекше назар аударып, осы тақырыпты медиа-кеңістікте объективті және дұрыс жариялаудың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай іс-шаралар мамандар мен медиа арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ АИТВ-инфекциясы проблемасы туралы қоғамның хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етеді.