Құтқарушылар алдын алуды қолдайды


Қаланың № 1 өрт сөндіру бөлімінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өтті. Ақпараттық кездесуді ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог-дәрігері Динара Уразалинова өткізді.
Іс-шара барысында маңызды тақырыптар: АИТВ берілу жолдары, алдын алу әдістері, уақтылы тестілеудің маңызы және стигма мен кемсітушілікті жеңуге қатысты мәселелер қамтылды. Сондай-ақ Динара Уразалинова кәсіби міндеттерді орындау кезінде, әсіресе қанмен және басқа да дене сұйықтықтарымен жанасу қаупімен байланысты жағдайларда жеке қауіпсіздік шараларына баса назар аударды.
№ 1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері белсенділік танытып, сұрақтар қойып, пайдалы және уақтылы ақпарат үшін алғыстарын білдірді. Мұндай кездесулер хабардарлықты арттыруға және денсаулық мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.