Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне – АИТВ туралы маңызды дәріс

АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне ақпараттық дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараны Ақтөбе облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері Динара Уразалинова жүргізді.
Дәріс барысында АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары, ерте анықтаудың маңыздылығы мен емдеу мүмкіндіктері туралы кеңінен айтылды. Қатысушылар АИТВ және ЖИТС туралы өзекті ақпаратпен танысып, күнделікті өмірде инфекциядан қорғанудың жолдарына қатысты сұрақтарына жауап алды.
Мұндай кездесулер қызметкерлердің ауру жайлы сауаттылығын арттырып, стигма мен дискриминацияны азайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.