АИТВ-ның жанасуға дейінгі профилактикасы (PrEP): нені білу маңызды

PrEP дегеніміз не?
АИТВ-ның жанасуға дейінгі профилактикасы - АИТВ жұқтыру қаупі жоғары адамдарға өздерін қорғауға көмектесетін заманауи алдын алу әдісі. Ол вируспен ықтимал байланысқа дейін антиретровирустық препараттарды қабылдаудан тұрады.
PrEP қалай жұмыс істейді?
Препараттарды қабылдау вирустың ағзаға енуіне жол бермейді. Бұл АИТВ жұқтыру қаупін жыныстық жолмен берілу жолында 99% — ға дейін және инъекциялық есірткіні қолдану кезінде 74% - ға дейін төмендетеді.
PrEP кімге көрсетілген?
PrEP келесі адамдарға ұсынылады:
* АИТВ-мен тұрақты серіктесі бар адамдар, әсіресе олардың вирустық жүктемесі тұрақсыз болса;
* ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар;
* жыныстық серіктестерді жиі өзгертетін және мүшеқап қолданбайтын адамдар;
* секс-жұмыскерлерге;
* инъекциялық есірткі тұтынушы тұлғаларға.