АИТВ-ға тест тапсыру тегін

Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы АИТВ-инфекциясына зертханалық тексеру халық үшін тегін негізде жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
ИФТ (тамырдан қан) әдісімен АИТВ-ға тестілеуден тегін өту үшін жеке басын куәландыратын құжатпен тіркелген жері бойынша емханаға немесе ЖИТС орталығына (Жамбыл, №4) жүгіну қажет.
АИТВ-ға талдау құны ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) есебінен төленеді, сондықтан тіркелген жері мен ЖИТС орталығы бойынша емханаларда АИТВ-ға тестілеу үшін азаматтардан ақшалай қаражат алынбайды.
ҚР нормативтік құжаттарына сәйкес АИТВ-ға зертханалық тексеру тек АИТВ-инфекциясының алдын алу саласында жұмыс істейтін аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымында, яғни ЖИТС орталығының зертханасында жүргізілетінін хабарлаймыз.
Сондықтан АИТВ-ға тестілеу үшін жеке клиникаларға жүгінген кезде азаматтар талдау құнын (ТМККК есебінен тегін қызмет) төлемеуі тиіс, ал ақшалай қаражат олардан қан алу және ЖИТС орталығының зертханасына тасымалдау үшін ғана алынуы мүмкін.

