15
май 2019
Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күнінің Баспасөз-релизі
Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күні атап өтіледі. Бұл оқиғаға 1983 жылы Сан-Францискода, туғандары мен жақындарын жоғалтуынан қасірет шеккендердің мәселелері бастама болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, планетада иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған 37 миллионнан астам адам өмір сүреді, ЖИТС-тен шамамен 35 миллион адам қайтыс болды.
Ақтөбе облысында 2019 жылдың 1-мамырына 386 АИТВ-мен өмір сүретін адам тіркелген. Қазіргі таңда АИТВ жұқпасы жастар арасында анықталуда, соның ішінде жыныстық жолмен берілудің үрдісі жалғасуда. Облыстағы медициналық мекемелермен бірлескен жұмыстардың арқасында, соңғы жылдары АИТВ-жұқпасын анадан балаға берілуінің алдын алуының арқасында, балалардың арасында АИТВ жұқтырған жаңа жағдайлар тіркелмеген.
АИТВ жұқпасын жұқтыру қаупі жыныспен де, жасымен де, әлеуметтік мәртебемен де байланысты емес. АИТВ-ның берілу жолдары, факторлары және алдын алу шаралары туралы білім деңгейін арттыра отырып, қауіпсіздік ережелерін сақтасаң өзіңді және өз жақындарыңды АИТВ-жұқпасынан қорғауға болады. Сондай-ақ, ауруды дер кезінде емдеуді бастау үшін өзінің АИТВ-статусын білу өте маңызды. Бүгінгі күні АИТВ-жұқпасы - үкім емес, заманауи вирусқа қарсы терапия вирусты бақылауға алуға және өмір сүру сапасын сақтауға мүмкіндік береді.
ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында облыста 13-23 мамыр аралығында АИТВ-жұқпасын алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған, оған облыстың барлық медициналық мекемелері мен АИТВ-жұқпасының алдын алу саласында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар тартылатын болады.
Ақтөбе қ., 2019ж.
Байланысатын тұлға: Айжан Жайлаубаева
87132213197, 87015546414