«Уақыт күтпейді!» ұранымен өтіп жатқан Дүниежүзілік вирустық гепатитке қарсы күрес күні
2025 жылғы 19-28 шілде аралығында Дүниежүзілік вирустық гепатиттермен күрес күні аясында Ақтөбе облысында «Уақыт күтпейді!» ұранымен ақпараттық-алдын алу іс-шараларының онкүндігі өтті.
24 шілдеде Ақтөбе қаласының №7 қалалық емхана базасында вирустық гепатиттердің алдын алуға арналған облыстық семинар өтті. Іс-шараға қалалық және аудандық емдеу алдын-алу мекемелерінің бас дәрігерлері, АИТВ-ның алдын алу, салауатты өмір салты орталықтарының мамандары, эпидемиологтар мен гепатологтар қатысты.
"Парентеральды вирустық гепатиттердің ең қауптісі - В,С және Д гепатиттері болып табылады. Аурудың ағымына ерекше назар аудару керек, өйткені бұл ауру бірнеше жыл ішінде цирроз және бауыр қатерлі ісігі сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Бірақ бүгін алдын алу және емдеу әдістерінің арқасында біз вирустық гепатиттермен сырқаттанушылықты азайта аламыз",- деп қорытындылады Ақтөбе облысының бас штаттан тыс инфекционисті, гепатолог, м.ғ. к., профессор, М. Оспанова атындағы БҚМУ жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі Мейрамбек Құрманғазин. Семинар аясында денсаулық сақтау басқармасының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары, гепатологиялық орталықтың инфекционистері және біздің әріптесіміз Әлия Ердібекова— ЖИТС орталығының инфекционист дәрігері: "өңірдегі АИТВ-инфекциясының эпидемиологиясы және АИТВ/ВГС ко-инфекциясы бар науқастарды басқару"тақырыбында баяндама жасады.
Іс — шараның негізгі мақсаты-медицина қызметкерлері мен халықтың ауруды ерте анықтау, алдын алу және емдеу тәсілдері туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ вирустық гепатиттердің таралуын азайту мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту.
Соңында денсаулық сақтау басқармасының өкілі Бекназар Нұрмұханов сөз сөйлеп, семинардың маңыздылығын атап өтіп, барлық қатысушылар мен баяндамашыларға алғысын білдірді.

