АИТВ және В және С гепатиттері туралы не білуіңіз керек?

АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) және В және С гепатиттері — негізінен қан, қорғалмаған жыныстық қатынас және вертикальді жолмен (жүктілік кезінде, босану кезінде және ана сүті арқылы) берілетін инфекциялар. Олар ұзақ уақыт бойы асимптоматикалық болуы мүмкін, денені іштен бұзады.
АИТВ-ны емдемесе иммунитет төмендеп, арты ЖИТС сатысына әкеледі.
В және С гепатиттері бауырға әсер етеді және циррозды немесе бауыр ісігін тудыруы мүмкін.
Алдын алу-қорғаудың ең жақсы тәсілі:
Мүшеқаптарды қолданыңыз
Басқа адамдардың инелерін, ұстараларын және тырнақ құралдарын пайдаланбаңыз
В гепатитіне қарсы вакцина алыңыз
Үнемі тестілеуден өтіңіз
Емдеу бар!
Қазіргі заманғы дәрі-дәрмектер АИТВ және С гепатитімен ауыратын адамдарға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді. С гепатитін бүгін емдеуге болады!
Жақын жерде орналасқан ЖИТС орталығында тегін және құпия тестілеуден өтіңіз.
Хабардар болыңыз-өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

