16
май 2019
Ақтөбе қ. баспасөз-конференциясы
2019жылы 14 мамыр айында 2019 жылы 14 мамырда Ақтөбе облысының Аймақтық коммуникация қызметінде «Өмір сүру үшін есте ұстаймыз!» ұранымен облыстық БАҚ журналистерінің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.
Іс – шараның басты мақсаты-АИТВ –жұқпасы туралы жұртшылықтың назарын аудару және әрбір адамға дұрыс толық ақпарат жеткізу, сондай-ақ халықтың АИТВ мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру болып табылады.
Бірінші болып облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігерінің эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары А. Каспирова сөз сөйлеп, еске алу күнін өткізудің маңыздылығын атап өтті. Халықты ақпараттандыру мәселелеріне ерекше назар аударып, сонымен қатар, 30.04.2019ж. Ақтөбе облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді.
Келесі болып алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Жайлаубаева сөз сойледі. Өзінің сөзінде алдын алу жұмыстарының тиімділігінің, Естее сақтау күні аясында халық үшін АИТВ-жұқпасының жоспарланған алдын алу шаралары туралы толық айтып өтті.
Сонымен қатар АИТВ-жұқпасына быйланысты БАҚ өкілдерін мазалайтын сұрақтар талқыланды.