АДАЛДЫҚ - бұл АИТВ жұқпасының қорғанысы

Камелет жасқа толғанға дейін, тіпті отбасын кұрғанға дейін жыныстық қатынасты кейінге қалдыру көптеген проблемаларды шешеді
Бүгінгі күні АИТВ /ЖИТС бұл обьективті шынайылық, оған немқұрайлы қарау мүмкін емес. Ішімдік, нашақорлык колдану, ерте жыныстык катынаска түсу, жыныстық серіктестерді жиі алмастыру, мушеқапты қолданбау - АИТВ жұқпасын жұқтырудың қаупін кушейтеді.
АИТВ дегеніміз не?
АИТВ - адамның иммун тапшылыгының вирусы.
Бұл вирус адамның иммунитетін зақымдап, ағзаның турлі ауруларға әлсіз болуына әкеп соғады.
АИТВ жұқтырған адам ұзак уақыт бойы өзінін жұқтырганын білмеуі мумкін, себебі АИТВ жұқпа-сының белгілері біраз уақыт бойы байқалмайды және басқа аурулардың белгілеріне ұксайды.
ЖИТС дегеніміз не?
житс - жұқтырылған иммун тапшылыгының
синдромы - АИТВ салдарынан туындаған ауру. ЖИТС- АИТВ жұқпасының соңғы сатысы.
Бүгінгі таңда АИТВ-дан және ЖИТС-тан толықтай емдейтін дәрілер жок. Вирус адам азасында өмір бойына қалады. Бірақта инфекцияның ершуін тежеп, АИТВ-ны соңғы сатысы ЖИТС-ке дамуын болдырмайтын дәрілер ойлап табылды.
Әрбір адам АИТВ жұқтыруы мумкін, бірак АИТВ/ЖИТС-тің таралуын алдын алуға болады, егер: колыңда дұрыс ақпарат болса және жұқтыруға әкеп соғатын тауекел журістен аулак болса.
ЕСІҢЕ САҚТА!
АИТВ жұқпасының негізгі берілу жолдары:
1. Жыныстық катынас аркылы:
- корғалмаған (мұшеқапсыз) жыныстық қатынасқа түскенде.
2. Қан арқылы:
- АИТВ жұқтырған адамның қанын кұю немесе донор тінін, органдарын трансплантациялау кезінде.
- есірткіні ине арқылы тұтыну кезінде біреудің инесін немесе шприцін пайдаланғанда.-
- денеге сурет салулар және пирсингке арналған жалпы қолданыстағы залалсыздандырылмаған кұралдар пайдаланған кезде. Басқа адамның ұстара кұралдары мен тіс щеткаларын пайдаланған кезде.
3. АИТВ жуктырган анадан балага:
- жүктілік, босану жене емізу кезінде.
АИТВ жұқпайды:
- қол алысып құшақтасканда;
- жәндік шаққанда;
- сүйіскенде;
- жөтелу немесе түшкіру кезінде;
- ортақ ыдыс-аяк қолданғанда;
- орамал, төсек-орын арқылы;
- әжетхана, душ арқылы.
Сенде тек АИТВ жұқтыру емес жане баска да жыныстық жолмен берілетін жұқпаларды (ЖЖБЖ) жұқтыру қаупі жоғары, егер:
- Жыныстық қатынасқа ерте тусу.
- Мүшеқапсыз жыныстық қатынасқа түссең, (бір ғана жыныстық қатынас жұқтыруға әкелуі мүмкін).
- Алкогольдік, есірткілік мастык кезінде жыныстык катынас болганда.
Бұндай жағдайда адамдар өз жүріс-тұрысын және жағдайды бақылай алмауы мумкін.
- Жиі жыныстық партнерлеріңді ауыстырсаң.
- Бірнеше жыныстық партнерлерің болса. Жыныстық партнерлерін неғұрлым көп болса, соғұрлым
АИТВ және ЖЖБЖ жұқтыру қаупі жоғары.
- Сенде немесе сенің партнеріңде ЖЖБЖ болса (мерез, соз, хламидиоз, АИТВ және т.6.)
- Сен біреудің қолданылған шприцін пайдалансаң. Біреудің өңдеуден өтпеген шприцінде түрлі ин-
фекция тудыратын АИТВ немесе басқа да микро-ағзалар болуы мумкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Сенің жұқтырғаныңды білу үшін зертханалық тексеруден (тестілеу) өтуің керек. Ол үшін тамырдан қанның аз ғана мөлшері алынады. Мекен-жай бойынша кез келген емханада немесе Облыстық АИТВ орталығында тестілеуден ақысыз, кұпия және жасырын түрде өтуге болады.
Назар аударыңыз!
АИТВ жұқтыруды алдын алуға қиын емес.
Бұған төмендегідей ережелерді сақтау қажет:
- есірткіден бас тарту;
- ерте жыныстық қатынастан бас тарту;
- кездейсок жыныстық қатынастардан аулақ болу және сау бір жыныстық серіктеспен болу;
- әрқашан мүшеқап қолдану
(кез келген жыныстык қатынас кезінде);
- терінің және сілемейлі қабықтардың сау болуын қадағалау;
- әрқашан тек жеке бас гигиена құралдарын пайдалану.
Мекен-жайымыз: Ақтөбе қ. Жамбыл көшесі 4 үй, Тел: 8(7132)21-31-97

