29
август 2025
Алдын алу ақпараттан басталады

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы Самал Мұханбетжанова Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне дәріс өткізді.
Кездесуге қатысушылар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу әдістері, тұрақты тестілеудің маңыздылығы және құпиялылық қағидаттарын сақтау туралы білді.
Мұндай іс-шаралар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға көмектеседі және қоғамдағы стигманың төмендеуіне ықпал етеді.

