16
май 2019
Жастар арасында АИТВ-жұқпасын алдын алу
Облыстық ЖИТС орталығының мамандары, эпидемиолог дәрігерлері С.Даулетбаева және А.Артыкбаева қуқық және заң колледж студенттерімен кездесу өткізді.
Мамандар АИТВ-жұқпасының алдын алу және берілу жолдары, облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайы, стигма және дискриминация туралы толық айтып берді.
Шара барысында жастар арасындағы нашақорлық мәселелеріне, зиянды әдеттерді жоюға және салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінді. Кездесу кезінде студенттерге сауалнама жүргізілді.