Киберқауіпсіздік-қазіргі заманның маңызды дағдысы

Ақтөбе облысының АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығында қызметкерлермен кездесу өтті.
Полиция капитаны, Ақтөбе облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Жәнібек Шагиров дәріс өткізіп, заманауи интернет-қатерлер, киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау шаралары туралы айтып берді.
Іс-шара барысында интернет-алаяқтықтың ең көп таралған түрлері, деректерді қорғау әдістері, сондай-ақ күдікті операцияларды анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері туралы ақпарат ұсынылды. Банктік операцияларды орындау кезінде абай болу керек екендігі талқыланды.
Мұндай кездесулер АИТВ орталығының мамандарына жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де — желіде мұқият болуға және өздерін ықтимал киберқауіптерден қорғауға көмектеседі.

