АИТВ-ның алдын алу-денсаулыққа қадам!

Ақтөбе облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары №6 қалалық емхананың жанындағы жастар денсаулық орталығымен бірлесіп, "Алтай" базарына келушілер мен Ақтөбе қаласының тұрғындары арасында профилактикалық акция өткізді.
Іс – шараның басты мақсаты-халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болу деңгейін арттыру, қала тұрғындарына АИТВ-инфекциясының алдын алудың маңыздылығын және уақтылы тексерудің маңыздылығын жеткізу. Ұйымдастырушылар АИТВ туралы мифтерді жоюға және бұл инфекция күнделікті өмірде берілмейтінін еске салуға тырысты, ал ерте анықталып, емделсе, адамдар толыққанды өмір сүре алады.

- "Бүгінгі таңда әр адамның АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы сенімді ақпаратқа ие болуы өте маңызды. Өз денсаулығын білу және жауапкершілікпен қарау тек өзіңді ғана емес, жақындарыңды да қорғауға көмектеседі", - деп атап өтті Ақтөбе АИТВ-ның алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Назым Утарова.
Акция аясында АИТВ орталығы мен жастар денсаулық орталығының қызметкерлері әңгімелесулер мен консультациялар өткізіп, тестілеуден тегін және құпия түрде өтуге болатынын түсіндірді. Тұрғындарға жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, есірткіден бас тарту және тұрақты тексеру сияқты алдын алу шаралары туралы еске салынды.

Барлық ниет білдірушілер үшін "денсаулық бұрышы" ұйымдастырылды: қала тұрғындары қан қысымын өлшей алады, қандағы қант деңгейін анықтай алады, сондай-ақ тестке дейінгі және тесттен кейінгі кеңестермен АИТВ-инфекциясына жедел тестілеуден өте алады. Іс-шараның көптеген қатысушылары тестілеуге қызығушылық танытып, жеке қауіпсіздік пен денсаулықты сақтауға қатысты сұрақтарға жауап алды.
Акция қала тұрғындарының АИТВ-инфекциясы тақырыбын талқылауға дайын екенін және сенімді ақпарат алуға мүдделі екенін көрсетті. Мұндай іс-шаралар халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді және инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі.

