Сенім пунктінің медбикелері АИТВ-ға жедел тестілеу сапасына сыртқы бағалау жүргізді

Сенім пункттеріндегі медбикелер төртінші буындағы «HIV EARLY DETECT» жедел қан анализінің сапасына бақылау жүргізді.
• жедел тесттерді дұрыс орындау,
• есептерді дайындау,
• қателерді талдау және түзету мақсатында мамандар бірлесіп жұмыс істеді.
Сондай-ақ жұмыс жағдайлары мен жедел-тесттердің сапасын бағалау жүргізілді. Алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Алтынай Артықбаева қатысушыларға бұл бағдарламаға қатысудың маңыздылығын түсіндірді: бұл тестілеудің дәлдігі мен сенімділігін арттыруға көмектеседі, яғни адамдар нәтижеге сенімді бола алады.
Сапаны бақылауды бағалау нәтижелері бойынша сапа менеджерінің қатысуымен хаттама жасалды.

