Ақтөбеде АИТВ- ның алдын алу бойынша әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысы талқыланды

Ақтөбе облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шара АИТВ орталығының мамандары мен "Болашақ Мұра" Қоғамдық Қорының қызметкерлерін біріктірді. Ағымдағы жылы Ақтөбеде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 3 жобасына конкурстар өткізілді: халықтың барлық негізгі топтарымен профилактикалық жұмыс және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды әлеуметтік қолдау бойынша. Барлық байқаулардың жеңімпазы "Болашақ Мұра" Қоғамдық Қоры болды.
АИТВ орталығының басшысы Айгүл Дүйсенбаева негізгі өзекті мәселенің бірі халықтың негізгі топтарының өкілдерін профилактикалық іс-шаралармен қамту болып қалатынын атап өтті. Өз АИТВ-статус туралы әлі күнге дейін білмейтін адамдар бар, бұл емдеуді уақтылы бастауды және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмауды қиындатады. 95-95-95 стратегиясының жаһандық мақсатына жету үшін нақты нәтижелерге қол жеткізу керек: көбірек адамдар өздерінің статустарын білуі, терапияны уақытында алуы және вирустық жүктемені басуы үшін.
- "Біз үшін үкіметтік емес ұйымдармен күш біріктіру өте маңызды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс профилактикалық бағдарламаларға негізгі топтардағы адамдарды кеңінен тарта отырып, профилактикалық жұмыстарды мақсатты түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Бірлескен жұмыс АИТВ-ның таралуын азайтуға ғана емес, халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін арттыруға да көмектеседі", - деп атап өтті Айгүл Дүйсенбаева.
Кездесу барысында үш негізгі жобаның орындалуы талқыланды:
* инъекциялық есірткі қолданатын адамдар мен секс-жұмыскерлер арасында АИТВ-ның алдын алу;
* АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды күтім және қолдау бағдарламаларына тарту, соның ішінде тең кеңес беру және бақылау үшін жоғалғандармен байланыс орнату;
* АИТВ-ға тестілеуге ЕЖЕ тарту.
"Болашақ Мұра" Қоғамдық қорының басшысы Айнұр Нұрбаева айтуы бойынша:
- "Біздің әлеуметтік жобаларымыз "тең-теңімен" қағидаты бойынша аутрич-жұмыс арқылы іске асырылуда. Бұл тәсіл негізгі топтардың өкілдерімен сенімді байланыс орнатуға, оларға АИТВ-ның алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық және есірткіні қолданудан болатын зияндылықты азайту туралы маңызды ақпаратты жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар өздерінің мәртебесін біліп, емдеуді уақытында бастағанда, біз АИТВ — инфекциясының таралуын тоқтату мақсатына жақындаймыз. Әр адамның қолдау мен түсіністікті сезінуі өте маңызды, өйткені бұл профилактикалық жұмысты тиімді етуге көмектеседі".
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, тәжірибе алмасу және АИТВ-инфекциясының алдын алуда жаңа тәсілдерді енгізу қажеттігін атап өтті.

