17
май 2019
Ақтөбе қ. ҚАЖД-мен кеңес
Ақтөбе облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығында ҚАЖД өкілдерімен «ҚАЖД жүйесінде АИТВ-жұқпасын алдын алу» тақырыбында ведомствоаралық жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске ҚАЖД қызметкерлері және КА 168/1, 168/2 медицина қызметкерлері қатысты.
ЖИТС ОО бас дәрігерінің орынбасары А. Шапиева кеңесті аша отырып, бірлескен күш-жігердің нәтижесінде бірқатар мәселелер, соның ішінде КА мекемелерінде АИТВ бойынша радиолекцияларды трансляциялау және басқа да мәселелер шешілгенін атап өтті.
Сондай-ақ кеңесте ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 23 маусымдағы № 508 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша адамдардың АИТВ-жұқпасын бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, зертханалық ақпараттық жүйе (LISK-Lab), АИТВ-жұқпасына қан алу, жолдамаларды толтыру, сондай-ақ ҚАЖД мекемелерінде АӨСА (АИТВ-мен өмір сүретін адамдар) диспансерлеу талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар алдын алу бағдарламаларын одан әрі сапалы жүзеге асыру және ведомствоаралық деңгейдегі проблемалық мәселелерді шешу туралы келісті.