26 қыркүйек - Дүниежүзілік контрацепция күні

Бұл бүкіл әлемде саналы таңдау мен болашағыңызға қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы айтылатын күн.
Неліктен бұл жастар үшін маңызды?
Контрацепция тек қажетсіз жүктіліктің алдын алу туралы ғана емес.
Ол сондай-ақ денсаулықты қорғауға және таңдау еркіндігін сақтауға көмектеседі.
Контрацепция және АИТВ
Контрацепцияның барлық әдістері АИТВ және басқа ЖЖБИ-ден қорғай бермейді.
Тек мүшеқаптар (ерлер мен әйелдер) екі есе қорғаныс береді:
қалаусыз жүктіліктен
АИТВ және ЖЖБИ-ден
Ойландыратын мәселе:
Әлемде күн сайын 1 миллионнан астам адам ЖЖБИ жұқтырады.
Нені таңдау керек?
- Жүктіліктен қорғану үшін: контрацепцияның әртүрлі әдістері (таблеткалар, спиральдар, патчтар және т.б.).
- АИТВ мен ЖЖБИ-ден қорғану үшін: тек мүшеқаптар!
Есіңізде болсын:
Саналы таңдау = сіздің қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңыз.
Мүшеқапты қолданыңыз-бұл сіздің өзіңізге және серіктесіңізге күтім жасау стилі.

