Қорқыныштан махаббатқа дейін. Менің АИТВ-мен өмір туралы әңгімем.

Бұл қалай болды? Көбісі есімде жоқ, себебі тым кішкентай болған едім. Тек 14-жасымда болғанда, ЖИТС орталығына (сол кезде) кезекті сапардан кейін түсіне бастадым. Анамнан менімен сөйлесуді, менің ауырып жатқанымды түсіндіруді сұрады. Сонда мен бірдеңе дұрыс емес екенін түсіндім бе? Ия, мен оны түсіндім, бірақ соңына дейін сенгім келмеді, өйткені ешкім сізде АИТВ бар деп нақты айтқан жоқ. Көп жыладым. Емделмейтін оның үстіне ұят аурумен ауыратындығыңды білу оңай болған жоқ. Иә, өкінішке орай 2000 жылдары бұл ауруды "АИТВ-21 ғасырдың обасы" деп айтатын. Мен үшін ең маңызды қолдау, ол менің отбасым болды. Менің өмірімнің қалған бөлігін жалғыз, сүйікті адамсыз өткізетінім, отбасымды құрмайтыным және балалы болмайтыным туралы әртүрлі ойлар болды. Себебі ауруым туралы ешкімге тіс жармаймын деп серт берген едім.
Сол кезде, елде АИТВ-инфекциясының емі болмаған. Міне, көптен күткен қоңырау және анамның жүзіндегі қуаныш "Қызым сенде бәрі жақсы болады, жақын арада емдеуді бастаймыз". Мен бұл сәтті ешқашан ұмытпаймын.
Сол уақыттан бері көптеген жылдар өтті. Енді мен өмірден озған анама айтқым келетіні: "Анашым, сен дұрыс айттың". Мен АИТВ жоқ ер адамның бақытты әйелі және әдемі сау балалардың анасы болдым. Қазіргі уақытта Мен өмірімнің барлық 35 жылында АИТВ-мен өмір сүремін. Бұл мені бұзған жоқ, дәрігерлердің кесірінен (бұл біздің елден тыс жерде болды) маған АИТВ-инфекциясы бар қан құйылса да оларға реніш пайда болмады. Мен өмірді оданда күштірек сүюге және бағалауға үйрендім! Ақтөбе АИТВ орталығының дәрігерлеріне алғысымды білдіремін, олар мені туғаннан бастап жүргізді олардың қолдауы мен уақтылы емделуі маған мүмкіндігінше салауатты және бақытты өмір сүруге мүмкіндік берді.
P / S бәрі сіздің қолыңызда және сіздің басыңыздағы жағымды ойлар маңызды!

