16
октябрь 2025
Денсаулық-бұл біз күн сайын жасайтын таңдау!

Ақтөбе облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері "New Life"оңалту орталығының тұрғындары үшін дәріс өткізді.
Кездесу барысында мамандар АИТВ жұқтыру жолдары, алдын алудың заманауи әдістері және тұрақты тестілеудің маңыздылығы туралы айтып берді.
Сонымен қатар, барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға анонимді жедел тестілеуден өте алды — тез, тегін және құпия.
Мұндай кездесулер адамдарға денсаулығына саналы түрде қарауға және АИТВ туралы мифтерді жоюға көмектеседі.

