20
октябрь 2025
АИТВ инфекциясының алдын алу – ортақ міндет!

№34 орта мектепте оқушылар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында дәрістер өтті.
Мақсат – жасөспірімдерге АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсіндіру.
Дәріс барысында мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, пайдалы ақпараттармен бөлісті.

