22
октябрь 2025
Алдын алу білімнен басталады!

Ақтөбе облыстық АИТВ алдын алу орталығының мамандары — Утарова Назым және Матаева Меруерт - №38 орта мектеп оқушыларына дәріс өткізді.
Балалар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, қорғау тәсілдері және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы білді. Мамандар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділік пен кемсітушілікке жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Кездесудің мақсаты-жасөспірімдердің хабардар болу деңгейін арттыру және жастардың бойында салауатты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

