23
октябрь 2025
Дәрігердің міндеті-өмірді сақтау

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы Алтынай Артықбаева "Болашақ" медициналық колледжінің студенттеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізді.
Болашақ медицина қызметкерлеріне вирустың таралу жолдары, алдын алу әдістері, ерте тестілеудің маңыздылығы және АИТВ-ны емдеу туралы айтылды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділік пен стигманы төмендетудегі медициналық қызметкерлердің рөліне ерекше назар аударылды.
Дәріс қызығушылық тудырды-студенттер белсенді сұрақтар қойып, өз білімдерімен бөлісті.
Мұндай іс-шараларды өткізу денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және медицинаның заманауи сын-қатерлерімен жұмыс істеуге дайын білікті мамандарды даярлауға ықпал етеді.
