29
октябрь 2025
Политехникалық колледж студенттеріне арналған дәріс

Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің студенттеріне Ақтөбе АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары дәріс өткізді.
Кездесу барысында жастар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу әдістері және тұрақты тестілеудің маңыздылығы туралы білді.
Іс-шараның мақсаты-өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және студенттердің АИТВ туралы хабардар болу деңгейін арттыру.
