04
ноябрь 2025
АИТВ-инфекциясының алдын алу: білім беру жүйесіндегі маңызды қадамдар

Ақтөбе облысында білім беру жүйесінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша Облыстық білім басқармасымен маңызды семинар-кеңес өтті. Осы жиынның барысында біздің облыстық АИТВ орталығы мен білім беру мекемелері бірлесіп, жастарға АИТВ және ЖЖБИ алдын алу бойынша кеңестер беріп, ақпараттандыру іс-шараларын жүргізу жолдарын талқылады.
Басты бағыттар:
- 9-11 сынып оқушылары, класс жетекшілері, ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
- Мектептер мен колледждерде профилактикалық іс-шаралар, диктанттар мен ЭССЕ конкурстары өтеді.
- АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша білім беру ұйымдарының басшылары мен облыстық орталық арасында тығыз байланыс орнату жоспарлануда.
Біз басты міндетіміз – жастарымызды дұрыс ақпараттандырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. АИТВ туралы түсінік беру, алдын алу шараларын жүргізу – бұл қоғамдағы үлкен жауапкершілік!
Біз жастарымыздың болашағын қорғаймыз!

