Университетте АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өтті

Қ. Жұбанов атындағы университетінің жаратылыстану факультетінің 1 курс студенттері үшін АИТВ-инфекциясы тақырыбына арналған ақпараттық-профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының педагогы Меруерт Матаева өткізді. Кездесу барысында студенттерге АИТВ жұқтыру жолдары, алдын алудың заманауи әдістері және тұрақты тестілеудің маңыздылығы туралы айтылды.
Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және АИТВ-мен байланысты стереотиптерді жоюға ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер жастардың хабардарлығын арттыруға және университет студенттері арасында денсаулық мәдениетін дамытуға бағытталған.

