АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс

«Ақтөбе қаласы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ қызметкерлеріне дәрігер-эпидемиолог Ардақ Жақсылықов АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізді.
📚 Дәріс барысында:
— АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдары;
— аурудың негізгі белгілері мен көріністері;
— қоғамда осы тақырыпты дұрыс түсінудің және стигманы төмендетудің маңыздылығы туралы ақпараттар талқыланды.
Мұндай кездесулер мамандардың ақпараттануын арттырып, қауіпті инфекцияның алдын алуға бағытталған жұмыстардың тиімділігін күшейтеді.
❤️ Қатысушыларға белсенділігі мен қызығушылығы үшін алғыс айтамыз!

