Ақтөбедегі ақпараттық акция!
Ақтөбе АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп, қалалық емханалардың жастар денсаулық орталықтарының қатысуымен Keruen City сауда-ойын-сауық орталығында халыққа арналған ақпараттық акция өткізді

Барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға тегін және анонимді тестілеуден өтіп, мамандардан кеңес алып, қызықтырған сұрақтарын қоя алды 
Акция аясында ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, АИТВ туралы сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға тәтті сыйлықтар табыс етілді — білім мен белсенділік үшін жағымды бонус! Іс-шараның мақсаты-халықтың хабардарлығын арттыру, мифтерді жою және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.


