22
май 2019
Ақтөбе қаласында ҚДИАҒО директорымен жұмыс кездесуі
2019 жылдың 21 мамырында Ақтөбе облысының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні қарсаңында Қазақ-Дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Б.С.Байсеркиннің орталық қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өтті.
Бауыржан Байсеркин қатысушыларды елдегі эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, ЮНЭЙДС "90-90-90" Стратегиясына толық тоқталды. Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеуді 90% қамтуға қол жеткізу үшін АИТВ-жұқпасын емдеудің барлық әдістері мен ДДҰ ұсынған препараттардың негізгі схемалары қолданылады. АРВ терапиясының тиімділігін, зертханалық сүйемелдеуді, резистенттілікті бақылауға арналған жаңа технологиялар енгізілді.
Сонымен қатар, АИТВ-ның алдын алудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі және АИТВ-ның, ЖЖБИ-ның алдын алуға бағытталған іс-шараларды іске асыру үшін жаңа бағдарламаны енгізу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды күту және қолдау мәселелері, алдын алу жұмыстарын жүргізу
үшін халықтың негізгі топтарына қол жеткізе алатын үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлу талқыланды.
Б. Байсеркин ЖИТС ОО-ның материалдық-техникалық базасын жақсы қамтамасыз етілгендігін, ұжымда ұрпақтар сабақтастығы, сондай-ақ орталық қызметкерлерінің мейірімді көңіл-күйі сақталғанын атап өтті. Кездесу соңында ЖИТС ОО ұжымы Бауыржан Сатжанұлына әсерлі кездесу үшін алғысын білдіріп, естелік суретке түсті.