22
май 2019
Жастармен кездесу
21 мамыр 2019ж. ЖИТС Ооған қарсы күрес жөніндегі орталығының дәрігер-эпидемиологы С.Жулмағамбетова "Мейірім" әлеуметтік бейімделу орталығының тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді.
Маман АИТВ-жұқпасының берілу жолдары, алдын алу шаралары, сонымен қатар облыстағы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.
Жастар осы тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойды.
Кездесу соңында ақпараттық-білім беру материалдары ұсынылды.