27
май 2019
Ақтөбе қ. автошеру
2019 жылы 23 мамыр ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күніне орай Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығы "Лада Гранта" автоклубымен бірлесіп қала көшелері бойынша автошеру өткізді.
Аталған іс-шараның мақсаты-ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу, АИТВ мәселесіне автоәуесқойлардың назарын аудару.
Автошеру аяқталғаннан кейін ЖИТС орталығының мамандары шағын дәріс өткізіп, жұқпадан қорғану әдістері, АИТВ-жұқпаны дер кезінде диагностикалау, сондай-ақ өз денсаулығына ұқыпты қарау қажеттілігі туралы айтты.