Студенттермен кездесу
Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері Д.Г.Уразалинова М.Кусаинова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу «Жастар арасында АИТВ-жұқпасын алдын алу» тақырыбына өтті.
Кездесу барысында оқушылар АИТВ–жұқпасының берілу жолдары, алдын алу және өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы білді. Тыңдаушылар үлкен қызығушылық танытып, тақырыпты талқылауға белсенді қатысты. Дәрігер-эпидемиолог оқушылар қызықтырған барлық сауалдарға жауап берді. Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық- ағарту материалдары үлестірілді.