05
июнь 2019
Жеке құрамына семинар
Облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының маманы М.Матаева Байғанин аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында облыстағы эпидемиологиялық жағдай бойынша ақпарат беріліп, апаттық жағдай кезіндегі байланыстан кейінгі профилактикамен, сондай-ақ қоғамда АИТВ-позитивті адамдарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру проблемаларымен танысты. Сонымен қатар ЖИТС орталығы мен құқық қорғау органдарының халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-жұқпасының алдын алуда өзара жұмыстары да талқыланды.