Студенттермен кездесу
Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері С. Даут Ақтөбе автожол колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу "жастар арасында АИТВ алдын алу"тақырыбында өтті.
Кездесу мақсаты: АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша білім деңгейін көтеру, сонымен қатар жастардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру. Кездесуде АИТВ және ЖИТС ұғымдары, берілу жолдары, алдын алу, стигма және дискриминация мәселелері талқыланды.
Дәрігер-эпидемиолог студенттерге тегін тексеруден өтуге болатын шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар, студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.