Студенттерге арналған дөңгелек үстел
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің колледж студенттері арасында АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған дөңгелек үстел өтті.
Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының педагогы М. Матаева студенттерге АИТВ жұқпасының берілу, алдын алу жолдары мен өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы жан-жақты түсінік берді. Студенттерге АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін адамдарға түсіністікпен қарау туралы да айтылды.
«Мұндай кездесулер бәрімізді қоғамда бей-жай болмауға шақырады, өйткені бұл жауапкершілігімізге қатысты. Білген, ескертілген –қарулы, яғни алдын ала алады деп сенім артамыз. Бұндай кездесулер жастарды ақпараттандыруға септігін тигізеді», - деп атап өтті қатысушылар.
Кездесу соңында студенттерге сауалнама жүргізіліп, ақпараттық ағарту парақшалары үлестірілді.