ЖИТС орталығының маманының халықаралық конференцияға қатысуы
Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Табиға Жулымова ТМД елдерінің
қатысуымен «Мәскеу денсаулық сақтау тәжірибесіндегі АИТВ-жұқпасын емдеудің замануи тәсілдері» атты IV-ші ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Бұл басқосуда АИТВ/ЖИТС пен қарсы күресте тәжірибе алмасу үшін жүйелі байланыс орнату мен озық технологияларды әзірлеуге арналған өзекті ойлар талқыланды.
Үш күн ішінде тоғыз секциялық, сонымен қатар интерактивті отырыстар ұйымдастырылды. Олардың тақырыптары- АИТВ-жұқпасы бар азаматтарға көмек көрсету. АИТВ-жұқпасы аясында есірткіге тәуелділік және басқа да өзекті мәселелерді де ортаға салуға арналған болатын.
Іс-шара барысында сондай-ақ АИТВ жұқпасы бар тұлғларға амбулаториялық және стационарлық көмек көрсету нақты клиникалық мысалдарды талдай отырып дөңгелек үстелдер мен пікірталастар түрінде өтті.