Ақтөбе қаласындағы АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған семинары
2019 жылдың маусым айының 12–нде ЖИТС алдын алу және күрес орталығында ШЖҚ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКК мамандарымен «АИТВ-ға экспресс тестілеу қоюдың сапасын бақылау» тақырыбына тәжірибе семинар өткізді.
Бағдарламаға сай экспресс тесті қолдану саласындағы нормативті құқықтық актілер, АИТВ-ға экспресс тестілеу сайттарындағы биологиялық сақтандыру, медицина қызметкерлерінің жұқтырып алмауын қамтамасыз ету, құжаттарды жүргізу (журналдар, есеп беру), персоналды оқыту жұмысын бақылау, сыртқы сапа бақылауы әдісімен «Құрғақ пробирка» арқылы анықтауды ұғындыру сауалдар талқыланды.
Семинар барысында қатысушылардың сауалдарына жауаптар беріліп,
- III-IV буын экспресс тестілерінің айырмашылығы неде,
- экспресс тестілеудің жалған-оң және жалған-теріс нәтижелерінің себептері,
- жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары туралы да нақты түсінік берілді.
Бұл материал, семинарға қатысушыларға электронды тасымалдаушыға берілді