ЖИТС ОО қызметкерлеріне арналған семинар
18 маусым 2019ж. ЖИТС ОО дәрігер-инфекционисті Т. Ж. Жулумова орталық қызметкерлеріне семинар өткізді. Дәрігер-инфекционист Мәскеу қаласында өткен конференция барысында алынған «Мәскеу Денсаулық сақтау тәжірибесіндегі АИТВ-жұқпасын емдеудің заманауи тәсілдері» атты ақпаратпен бөлісті.
Өз сөзінде дәрігер инфекционист АИТВ-жұқпасын емдеудегі жаңа тәсілдер, Мәскеу ЖИТС орталығының құрылымы, Ресейдегі АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдай туралы әңгімеледі. Сондай-ақ АИТВ-жұқпасы анықталған кезінде медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіруге инновациялық тәсілдерді енгізу қажеттілігі туралы хабардар етеді.