Хромтау ауданының ОАА үшін әдістемелік көмек
2019 жылы 19 маусымда Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері, емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Т.Жулумова, дәрігер-эпидемиологтар С. Муртазин, А. Артыкбаева және сенім пунктінің медбикесі Ж. Құдайбергенова Хромтау қаласының тұрғындарына АИТВ және ЖИТС бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізді.
Орталық аудандық аурухана (АОА) үшін медициналық ұйымға АИТВ-жұқпасының ауруханаішілік алдын алуға бағытталған ұйымдастыру-әдістемелік көмек және семинар өткізілді. Семинар барысында тыңдаушылар Ақтөбе облысындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайымен, апаттық жағдай кезіндегі байланыстан кейінгі АИТВ-ның алдын алу, сондай-ақ қоғамда АИТВ-жағымды адамдарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру проблемаларымен танысты.
Сонымен қатар ЖИТС ОО мамандарымен есепте тұрған инъекциялық есірткі тұтынушылар (ИЕТ-ге) шығу ұйымдастырылды, оның мақсаты АИТВ-ның парентералдық берілу жолының алдын алу болып табылады.