Ақтөбе қаласындағы Антитеррор дәрісі
2019 жылы 20 маусымда облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы базасында «Республикалық біліктілікті арттыру және дайындау орталығының» маманы Е. Горшенин қызметкерлерге дағдарыс және аса қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша дәріс өткізді.
Дәрісте терроризм және экстремизм мәселелері талқыланды. Маман терроризмнің түрлері, себептері мен мақсаттары, әдістері мен терроризмге қарсы күрес, террористер кепіл ретінде ұстаған кезінде өзін қалай ұстау керектігін туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ терроризммен күрес шараларының жүйесі туралы де толық мәлімет берді.