28
июнь 2019
Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығы журналистерді кұттықтады.
2019 жылдың 28 маусымында қазақстанда байланыс және ақпарат кызметкерлері күні аталып өтіледі.Осы мереке қарсаңында ЖИТС орталығы қызметкерлері Ақтөбе қаласының БАҚ өкілдерін құттықтады.Ақтөбе облысы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы бас дәрігерінің орынбасары Ж. Тлеумұратов «Zello Актобе», «Ақтөбе Таймс» ұжымдары мен «РИКА ТВ» мен АQTOBE», телеарналарының «Ақтөбе» радиосы мен «Время» және «Диапазон» газетінің тілшілеріне алғыс хаттар табыс етті.
БАҚ өкілдерінің халық арасында АИТВ-жұқпасының алдын алуда және халыққа түсіндіруде маңызды роль атқарып, және оған қатысты мәселелерді шешуге ықпал етеді.
Журналистердің жауапкершілігі мол жұмыстарына, сәттіллік, армандары орындалып, кәсіби мерекелерінде көтеріңкі көңіл күй мен бақыт тілейміз.