Ақтөбе қаласындағы семинар кеңес
2019 жылдың шілденің 10-12 аралығында Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында АИТВ және ЖИТС бойынша жауапты барлық облыстық медициналық мекемелер (БСМК, стационарлар жеке емханалар, аудандық ауруханалар) жауапты мамандары және трансфузиологтар мен трансплантологтар үшін семинар кеңестер өтті.
Іс-шараның басты мақсаты - «ҚР ДСМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 ж. 4 мамырдағы № 62 бұйрығын талқылау. Құжаттағы бекітілген «Ерікті түрде жасырын немесе құпия медициналық тексерілу және ҚР азаматтарына АИТВ-жұқпасы бойынша тегін кеңестер беру» № 246-шы бұйрығына өзгерістер енгізілді. Семинар кеңесте мамандар осы өзгерістермен және өңірдің эпидемиологиялық жағдайымен танысып, АИТВ-ға қатысты мәселелерді талқылады.
Қатысушылар тұрғындар арасында АИТВ-жұқпасына ерікті жасырын және құпия тестілеуден өткізуге ,тестілеудің жаңа алгоритмдері,АИТВ-жұқпасы сауалдары бойынша тексерілу мен ақысыз,тегін кеңес алатын тұлғалар тізіміне ҚР азаматтарымен қатар оралмандар, шетелдіктер, ҚР аумағында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғалар енгені туралы өзгерістер жан-жақты таныстырылды.
Семинарда орталықтың эпидемиологиялық, емдеу-алдын алу және зертхана бөлімінің мамандары тәжірибелерімен бөлісті.