Ақтөбе қаласындағы семинар-тренингі
2019 ж. 10-12 шілде аралығында Ақтөбе қ. ЖИТС орталығы зертханасының мамандары АИТВ экспресс-тестілеу сапасын сыртқы бағалауды енгізу шеңберінде БМСК, жеке МҰ, стационарлар мен аудандық ауруханаларда АИТВ және ЖИТС алдын алу бөліміне жауапты дәрігерлер үшін тренингтер өткізді.
Семинар барысында: АИТВ - жұқпасына тестілеудің жаңа алгоритмдері, экспресс-тест қою техникасы, экспресс-тестілеу сапасын бақылауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар, талдауларды түсіндіру, тестілеудің жалған-оң және жалған-теріс нәтижелерінің себептері, құжаттаманы жүргізу негіздері мәселелері талқыланды.
Іс - шаралар АИТВ - ға жүргізілетін экспресс-талдаулардың сапасын, экспресс-диагностика жүргізетін медицина қызметкерлерінің құзыреттілігін бағалау, практикалық дағдыларды жетілдіру мақсатында өткізіледі. Қатысушылар экспресс - тестілеу пункттерінің жұмыс сапасын бағалау әдістемесімен, аудит бағдарламасымен және бағалау парақтарымен, «Құрғақ пробирка» әдісімен ВПО (DTS) шифрленген панелі көмегімен экспресс-тестілеу сапасын бақылау шараларын енгізудің әдістемесімен танысты.